Газа
секторына геноцид жасады деп айыпталған Израиль армиясының шабуылдары нәтижесінде
соңғы 24 сағат ішінде 51 палестиналық, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза
тапты.
Бұл туралы Газа секторының азаматтық қорғаныс
басқармасының баспасөз хатшысы Махмуд Басал Telegram-арнасында хабарлады.
Ол
шабуылдардан көптеген палестиналықтардың жараланғанын, олардың көпшілігі
әйелдер мен балалар екенін айтты.
2023 жылдың 7 қазанынан бері эксклавтағы 40 534
палестиналық Израиль агрессиясының құрбаны болды, оның ішінде 10 980 әйел және
кем дегенде 16 589 бала, тағы 93 778 адам жарақат алды.