Munarmedia.kz 28.04.2026 /Astana/ — 2026 жылғы 27 сәуірде Беллинцона қаласында Швейцарияның Федералдық қылмыстық соты ашық тыңдауларға кірісті.
Іс материалдары «Офис» деп аталатын қылмыстық желінің қызметіне қатысты. Швейцария прокуратурасының нұсқасына сәйкес, аталған құрылым арқылы Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы халықаралық телекоммуникациялық компаниялардан пара талап еткен. Бұл компаниялар өзбек нарығына кіру үшін заңсыз төлем жасауға мәжбүр болғаны айтылуда.
Тергеу мәліметтері бойынша, аталған желі бірнеше жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істеген.
Тергеу және айыптаулар
2012 жылы Өзбекстан Бас прокуратурасы Каримова мен оның іскер серіктесіне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оларға сыбайлас жемқорлық, қылмыстық ұйымға қатысу және ақшаны жылыстату айыптары тағылған.
2015 жылы іс аясында Lombard Odier жекеменшік банкінің бұрынғы қызметкері де тергеуге ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 2008–2012 жылдар аралығында «Офис» айналасындағы тұлғалар үшін шоттар ашып, қаржының шығу тегін жасыруға көмектескен.
Ерекше тергеу тәжірибесі
Бұл іс швейцариялық құқық жүйесі үшін де ерекше саналады. Тергеу барысында бұрын-соңды болмаған шаралар қолданылған. Атап айтқанда, Швейцарияның Федералдық қылмыстық соты тарихында алғаш рет шетелге шығып, тыңдаулар өткізген.
2026 жылдың басында сот Ташкент қаласында Каримовадан екінші рет жауап алған. Ол 2014 жылдан бері Өзбекстанда қамауда отыр.
Белгісіздік көп
Сарапшылар сот процесінің қалай өрбитінін болжау қиын екенін айтады. Іс барысында жинақталған материалдар мен ықтимал процессуалдық бұзушылықтар шешімге әсер етуі мүмкін.
Қазіргі таңда сотқа нақты кімдердің қатысатыны, қандай дәлелдердің қабылданатыны және олардың құқықтық салмағы қандай болатыны белгісіз күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, ұзаққа созылған тергеу мен көпсатылы сот рәсімдерінің түпкілікті құқықтық бағаға ықпалы да негізгі сұрақтардың бірі болып отыр.
#Munarmedia #Astana #Швейцария #ГүлнараКаримова #Сот #СыбайласЖемқорлық #ХалықаралықІс