Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрыңғы орынбасары 6 жылға сотталуы мүмкін

22

Munarmedia.kz 01.04.2026 /Astana/

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына 6 жыл бас бостандығынан айыру немесе айыппұл тағайындалуы мүмкін

Өскеменде өткен сот отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша айыптау тарапы 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғаушы тарап айыппұлмен шектелуді өтінуде. Омар кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, тергеуге ынтымақтастық танытқанын алға тартып, соттан оны түрмеге тоғытпауды сұрады.

Іс екі эпизод бойынша қаралуда. Біріншісі – "Amanat" партиясы арқылы титан-магний комбинатынан "материалдық көмек" схемасымен "Toyota Camry" автокөлігін алу (келтірілген шығын 13 миллион теңге деп бағаланған және жәбірленушінің сөзіне қарағанда, өтелген). Екіншісі – қамқорлық көрсету үшін 20 миллион теңге пара алу әрекеті, оның 6 миллион теңгесі берілген.