Munarmedia.kz 01.04.2026 /Astana /-Келісімдер Қазақстанның бас консулдығының қолдауымен Сиань қаласында өткен форумда рәсімделді.
Өңір инвестициялық жобаларын таныстырып, басымдықтарын айқындады: бұл тізімге өнеркәсіп, коммуналдық инфрақұрылым және агро салалары кіреді. Келіссөздерге екі жақтан да шамамен 100 бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.
Форум қорытындысы бойынша 12,5 миллиард теңгеге алты меморандумға қол қойылды.
Бұл жобалар үш бағытты қамтиды:
- Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді жаңғырту;
- металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу;
- сүт тауарлы ферма құрылысы.
Келіссөздер тікелей – G2B және B2B форматтарында өтті.
Әкімдік өңірдің инвесторлар үшін ашық екенін мәлімдеді және жобаларға кірісуге дайын компаниялар бар екенін атап өтті.
- Сурет: ChatGPT.