14 тамызда тәліптер
Ауғанстанда билікке оралғанына 3 жыл толуын Ауғанстандағы ең ірі әскери әуе
базасы Баграмда әскери шеру өткізу арқылы атап өтті. Баграмды КСРО да, американдықтар да көп жылдар бойы
пайдаланды.
Талибанның тамыры 19 ғасырда Үндістандағы
Деобанди медреселерінен бастау алады. Содан кейін саяси исламизм 20 ғасырдың
ортасында радикалды сипатқа ие болды және Ауғанстандағы соғыс кезінде жаһандық
жиһадтық қозғалысқа айналды. Талибандар Пәкістанда құрылған және араб елдері
қаржыландыратын медреселерде пайда болып, онда радикалды жиһад идеяларын
насихаттады.
Бұл
медреселерде олар кеңес әскеріне қарсы «қасиетті соғысты» негізінен ауған
босқындарының балаларына, сондай-ақ Бангладештен Алжирге дейінгі әртүрлі
елдерден келген фанаттарға үйретті.
Дегенмен, «Әл-Каида» мен
басқа да жиһад топтарынан айырмашылығы, Талибан іс жүзінде шетелдіктер жоқ
ұлттық ұйым болды және оның негізгі мақсаты Ауғанстанда билік орнату – Әмірлік
құру болды. Олар бұл мақсатқа 1988-1996 жылдар аралығында жетуге тырысты.
Діни, саяси және әскери
топтар арасындағы фракциялық, оның ішінде жаппай жемқорлық әрекеттері 1992 жылы
құрылған Ауғанстан Ислам Республикасының құлауын тездетті. Талибан коалициямен
салыстырғанда ұйымшыл болды
Белгілі бір идеяға ие болып, әділдік танытып,
халықтың құқығын қорғай отырып, олар азаматтар арасында тез беделге ие болып,
ұзақ шайқастардан кейін 1996 жылы Кабулды басып алып, көптен күткен Әмірліктің
негізін қалады.
Талибанның Ислам әмірлігі 5 жыл өмір сүрді
және 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейін АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасап,
Талибан билігін Кабулдан және ірі қалалардан қуды.
Содан кейін олар тауға шегінді, бірақ
американдықтар Талибанды ұйым ретінде жоя алмады. 20 жылға созылған нәтижесіз
соғыстан кейін Трамп үкіметі 2020 жылдың ақпан айында Дохада Талибан мен
Ауғанстан үкіметі арасындағы келісімге қол жеткізді. Бірақ 2021 жылдың
тамызында американдықтар Ауғанстаннан шығып, оның артынан жемқор Ауған үкіметі
құлады. Ал Талибан билікті қайтадан басып алды.
Әрине, бүгінгі тәліптер 1996 жылғы тәліптерден ерекшеленеді,
ел ішінде шариғат ережелері қатаң сақталғанымен сындарлы әрекет етіп, әлеммен
ортақ тіл табуға тырысады.
1996 жылғы тәліптерді
бірнеше араб елдері мен Пәкістан мойындаса, бүгінде олар Қытай және Ресеймен
жақындасуға көбірек бел буған. Көпшілік «Талибанға АҚШ-тың ықпалы болады» деп
ойлағанымен, тәліптер Қытаймен байланысын нығайтып жатыр.
Бұл да аймақ қауіпсіздігінің
тамаша кепілі. Өйткені
жаһандық бақылаудан тыс Талибан тек Пәкістан мен Иранға ғана емес, Қазақстан, Өзбекстан,
Тәжікстан және Түркіменстанға да үлкен қауіп төндіреді.