Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Тбилисиде полиция Еуроодақпен келіссөзді тоқтату туралы шешімге қарсы демонстранттарды тағы күшпен таратты.

83



Жұма күні кешке мыңдаған наразы алдыңғы күндердегідей парламент маңына жиналды. Наразылар парламент пен полиция жаққа қарай бірнеше отшашу жіберді.

Бұдан кейін Грузия ІІМ мәлімдеме жариялап, наразылықтағы "күш көрсететін топтарды" заңсыз әрекет жасады деп айыптады. ІІМ отшашудан бір полицей жараланғанын айтып, шара қолданамыз деп ескертті.

Митингіні тарату жарым түнде басталды: полиция демонстранттарды әуелі парламент ғимаратынан тықсырды, ізінше қала орталығынан мүлде қуып тастады. Жағалауда наразыларға белгісіз қарулы топ шабуыл жасаған. Полиция наразыларға қарсы жас ағызатын газ қолданып, су шашты, жолшыбай кейбірін ұстады.

Ақпарат құралдарының жазуынша, кемінде 20 адам ұсталған. Наразылар ұсталғандарды босатып, парламент сайлауын қайта өткізуді де талап етіп отыр. Transparency International ұйымының Грузиядағы бөлімшесінің есебінше, наразылық кезінде 400-ге жуық адам ұсталған.