АҚШ-тың ескі де жаңа президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Сириядағы соңғы оқиғалар мен Украинада болуы мүмкін өзгерістер туралы жазба жариялады.
Оның негізгі тезистері келесідей:
«Асад енді жоқ. Ол өз елінен қашып кетті. Оның қорғаушысы болған Ресей, Владимир Путиннің басшылығындағы Ресей, оны қорғауға енді мүдделі емес.
Ресейдің Сирияда болуына негіз жоқ еді. Олар Украинадағы жағдайға байланысты Сирияға деген қызығушылықтарын жоғалтты. Украинада шамамен 600 000 ресейлік сарбаз жарақат алған немесе қаза тапқан. Бұл соғыс ешқашан басталмауы керек еді және шексіз жалғасуы мүмкін.
Зеленский мен Украина бұл ақылға сыймайтын соғысты тоқтату үшін келісімге келгісі келеді. Олар 400 000 сарбазынан айырылып, одан да көп бейбіт тұрғындардың өмірін жоғалтты.
Соғысты дереу тоқтатып, келіссөздерді бастау керек. Көптеген өмір босқа қиылды, көптеген отбасылар қирады. Егер бұл жалғаса берсе, жағдай одан да күрделі және қауіпті нәрсеге ұласуы мүмкін.
Мен Владимирді жақсы білемін. Қазір оның әрекет ететін уақыты келді. Бұл ретте Қытай көмектесе алады».