Тоқаев Трамппен келісетінін айтты

86

Munarmedia.kz 18.04.2026 /Astana/ – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтеріндегі жүйе дағдарысқа ұшырағаны туралы мәлімдемесімен келісетінін айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумы аясында өткен «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» панельдік сессиясында мәлімдеді.

Президенттің пікірінше, ұйымның келесі Бас хатшысы кім болатынына қарағанда, оның қазіргі форматта сақталып қалуы әлдеқайда маңызды.

Президентті Қазақстанда асығыс реформа жүргізіп, Трамп, Си Зи пинь мен Путиннің қолдауымен БҰҰ бас хатшысына сайлануы мүмкін деген ел арасындағы қауесет ақиқатқа айналып бара жатқан сияқты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 сәуірде Анталия дипломатиялық форумы аясында NEST конгресс-орталығында өткен панельдік сессияда сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанына 80 жыл өткен соң «ескірген және белгілі бір деңгейде құлдырауға ұшыраған»ын айтты. Оның пікірінше, ұйым Жарғысының жекелеген ережелерін, соның ішінде «жау мемлекеттер» санатын қайта қарау қажет, өйткені бұл ұғым қазіргі геосаяси жағдайға сай келмейді. Президент БҰҰ-ның басты міндеті – оның тиімділігі мен беделін арттыру екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев превентивті дипломатия мәселесі ондаған жыл бойы талқыланып келе жатқанымен, нақты нәтиже бермегенін жеткізді. «Бұл мәселе кемінде соңғы 30 жыл бойы айтылып келеді. Алайда әдемі баяндамалар мен декларациялардан басқа айтарлықтай ілгерілеу жоқ», – деді Президент. Осыған байланысты ол қақтығыстарды алдын ала болжауға және көпжақты ынтымақтастықты күшейтуге назар аударуға шақырды. Президент халықаралық ұйымды реформалауда «барынша прагматикалық» тәсіл қажет екенін айтты. Дағдарыстың негізгі себептерінің бірі ретінде ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымдарын атады. Оның айтуынша, олар жаһандық маңызды мәселелер бойынша шешімдерді жиі тежейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «орта державалардың», соның ішінде Қазақстан мен Түркия рөлінің артып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл елдер жаһандық саясатта ірі державаларға қарағанда жоғары жауапкершілік танытып отыр. 20 сәуірден бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде Бас хатшы қызметіне үміткерлермен ашық сұхбаттар басталады. Осыған орай сарапшылар арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы да талқылануда. Саясаттанушы Ильгар Велизаде бұл ықтимал ұсыныс Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді деп санайды. #Тоқаев #БҰҰ #Анталияфорумы #халықаралыққатынастар #саясат #реформа