Испания королі VI Филипп таяуда тасқыннан қатты зардап шеккен Валенсия аймағындағы Пайпорта қаласына барған кезде ашулы жұрт оған балшық лақтырды
Наразы адамдар полиция көліктері ілесіп келген испан короліне "қанішер" деп айқайлады. Қалаға келген үкімет шенеуніктері де сынға қалды.
Ашулы жұрт "олар неге ертерек келмеді?" деген сұрақ қойды. Наразы халықты ұстап тұруға полицейлер де араласуға мәжбүр болды, олар салт атпен жүрді.
Оқиға болған жерде түсірілген видео мен фотолардан күзетшілер VI Филиппті ортаға алып, қолшатырмен қалқалап келе жатқаны көрінеді.
Кейінгі ресми мәліметтерге сәйкес, шелектеп құйған нөсер салдарынан болған табиғи апаттан 217 адам опат болған, басым бөлігі – елдің шығысындағы Валенсия аймағында.