Полиция мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - дейді ПД өкілдері.
Өздеріңіз білетіндей жақында Президент Талғар оқиғасымен айналысып жатқан Ішікі істер министрінің бірінші орынбасары, ҰҚҚ төрағасының орынбасары мен Алматы облыстық ІІД бастығын қабылдаған болатын.
Көптен бері ел назарына іліккен Талғарда қылмыс өршіп, тұрғындардың денсаулығына орасан нұқсан келтіретін оқиғалар көбейіп кеткен. Бұған дейін Талғар аудандық ІІБ басқармасының біршама қызметкерлері мен прокуроры, Талғар қаласы әкімі мен орынбасары сынды лауазымды тұлғалар қызметтерінен кетті. Он алты жасар баланы өлтіріп, үйін өртеп жіберген қасқөйлердің әлі де талай жасаған қылмыстары ашылуы мүмкін.