Түркияда Deutsche Welle журналисі Алижан Улудаг тұтқындалды

7

Munarmedia.kz 24.02.2026 /Astana/үркияда Deutsche Welle медиакомпаниясының журналисі Алижан Улудаг қамауға алынды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, ол «президентті қорлау» бабы бойынша тергеу аясында ұсталған. Ең сорақысы, журналисті құқық қорғау органдары оның кәмелетке толмаған балаларының көз алдында алып кеткен.

Іс Түркия президенті Recep Tayyip Erdoğan атына қатысты айтылған пікірлерге байланысты қозғалғаны хабарланды. Ел заңнамасына сәйкес, мемлекет басшысын қорлау айыбы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Image

Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Германия үкіметі Анкара билігінен журналисті дереу қамаудан босатуды талап етті. Берлин ресми мәлімдемесінде сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистиканың қорғалуы демократиялық қоғамның негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Түркияда соңғы жылдары БАҚ өкілдеріне қатысты қозғалған істер саны артқан. Құқық қорғау ұйымдары «президентті қорлау» бабы жиі қолданылатынын және бұл сөз еркіндігіне қысым ретінде бағаланатынын айтып келеді.

Image

Қазіргі уақытта Алижан Улудагтың ісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Германия мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстар аясында бұл мәселе алдағы күндері жоғары деңгейде талқылануы мүмкін.