Munarmedia.kz 24.02.2026 /Astana/Қазақстанның Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шешімімен шешен азаматы Мансур Мовлаевті босқын мәртебесіне қатысты мәселе толық қаралып, түпкілікті шешім шыққанға дейін Ресей Федерациясына экстрадициялауға тыйым салынды.
Сот отырысының үзіндісін адвокат Рена Керимова өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда сот алқасының халықаралық құқық нормалары мен ұлттық заңнама талаптарына сүйене отырып, экстрадициялау рәсімін уақытша тоқтату туралы қаулы шығарғаны көрсетілген.

Адвокаттың айтуынша, Мансур Мовлаев Қазақстан аумағында босқын мәртебесін сұрап өтініш берген. Осыған байланысты, халықаралық конвенциялар мен Қазақстан заңнамасына сәйкес, өтініш толық қаралмайынша және тиісті мемлекеттік органдар шешім қабылдамайынша, оны басқа елге беру мәселесі қаралмайды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім «қайтармау қағидаты» (non-refoulement) деп аталатын халықаралық құқық нормасына негізделеді. Аталған қағидаға сәйкес, адам өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнуі мүмкін елге күштеп қайтаруға жол берілмейді.
Қазіргі уақытта Мансур Мовлаевтің босқын мәртебесіне қатысты өтініші уәкілетті органдардың қарауында. Істің әрі қарайғы барысы қабылданатын әкімшілік шешімге байланысты болмақ.
Қоғамдық және құқық қорғау ұйымдары бұл істі жіті бақылауда ұстап отыр. Олар халықаралық міндеттемелердің сақталуы мен адамның негізгі құқықтарының қорғалуы басты назарда болуы тиіс екенін атап өтуде.