BBC хабарлауынша, Анкара маңындағы Turkish Aerospace (TUSAŞ) ғарыштық компаниясының штаб-пәтеріне жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды.
«Теракт салдарынан қаза тапқандар саны беске жетті, жалпы жарақат алғандардың саны 22, олардың үшеуі ауруханадан шығарылды», — деп мәлімдеді Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая телеэфирде.
Министрдің айтуынша, шабуыл елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының қызметімен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін Ерликая екі шабуылдаушы — ер адам мен әйел — өлтірілгенін хабарлаған болатын.
Сәрсенбі кешінде ол билік шабуылдаушыларды анықтаған соң толық ақпарат пен дәлелдермен бөлісетінін уәде етті.