Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметінің ішкі қорғанысты күшейту бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, "Израильдің Газа мен Ливанда тұтандырған өрттері Түркия шекарасына жақындап келеді."
Кеше Анкарада Әділет және даму партиясының штаб-пәтерінде сөйлеген Эрдоған Израильдің Дамаскіге қарай ілгерілеуін қауіп ретінде қарастыратынын тағы да атап өтті. Ол Израильдің Сирия астанасын бақылауға алуы елдің геосаяси картасында айтарлықтай өзгерістерге әкелуі мүмкін деп ескертті.
Түркия басшысы бұл жағдай "Дамаскімен шектелмей, солтүстік Сирияға таралып, Түркияның оңтүстік шекарасына тікелей қауіп төндіруі мүмкін" екенін баса айтты.