Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева қолдау көрсететін «Жаңа адамдар» билікшіл жастар ұйымының науқаншыл тірліктеріне қарап, билікшіл топтардың әдеттедей уақытша белсенділігі деп ойлаған едік.
Өткенде «12 жасар қызбен кездеспек болған жігітті ұстадық» деді. Жігітті алдап, кездесуге шақырып, бәрі алдынан шығып, ортаға алып, «позор, позор» деп айқайлап тастапты. Енді кеше бойжеткенге тиіскен такси жігітті өзінше жазалапты. Қоршап алып, кешірім сұратқан. «Самосуд» нағыз.
Мұндаймен билік айналасындағы ерікті топтар емес, полиция, өкілетті органдар айналысуы керек. «Жаңа адамдар» мұндай «самосудтарымен» елде заң үстімдігі жоқтығын әшкерелеп қана жатыр.
Ресей билігінің «Новые люди» деген жобасынан айна-қатесіз көшірілген бұл жоба тап сол кремльшіл ұйымның жолымен келе жатқаны қорқынышты. «Жаңа адамдардың»Тоқаевпен кездесіп, «крашты» улап-шулап туған күнімен құттықтап, көзбояу митингілер өткізіп жүре бергені жақсы еді.
Бұған дейін бұл топ Елтаңбаны өзгертейік деген ұран тастаған еді. Қоғамның ұзақ дауы мен талқысынан кейін бұл мәселенің түйіні шешілген сияқты еді. Жалпы құқық қорғау органдары тұрғында "халықтық" дружина құрып, заңсыз әрекеттерге барып жүрген мұндай топтарды неге тоқтатпайды? Бұл кімге керек?