Munarmedia.kz 05.02.2026 /Астана/ – Түркменстанда есірткі таратушыларын өлімге әкеп соқтыруы мүмкін азаптау жағдайлары бар деп хабарланады. Бұл туралы Turkmen News басылымы жазып, әсіресе Белудж этносының өкілдерін заңсыз заттарды саудалағаны үшін жауапқа тарту фактілеріне назар аударған.
Басылымда Ираннан әкелінген 7000 трамадол таблеткасымен ұсталған Белудж этносының өкілінің туркмен қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан электр тогымен азапталғаны туралы оқиға баяндалады.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Марый облысы Векілбазар ауданы полиция бөлімінде Белудж Алламұрат Худайрамов өзін ерікті түрде бөлімшеге ұсынғаннан кейін азапталған.
– Түркменстан прокуратурасының қорытындысы бойынша, пайдаланылған паяльник, таяқ және қолғаптан қалған көгерулер мен басқа да жарақаттарды Худайрамов өзі трамадолдың әсерінде болған кезде алған деген болжам жасалған, – делінген жарияланымда.
Басылым сондай-ақ, күдіктілердің құқықтарын қорғауды талап етіп, ІІМ мен омбудсмен институтын жауапкершілікке шақырды. Құқық қорғаушылардың пікірі бойынша, көптеген жағдайларда азаптау өлімге әкеліп соғады.
2024 жылғы деректер бойынша, Түркменстанда жыл сайын шамамен 750 кг есірткі жойылады. Дегенмен, жергілікті сарапшылардың айтуынша, елге келетін есірткі көлемі тоннамен есептеледі, оның бір бөлігі елде қалады, қалғаны Қазақстан мен Ресей арқылы халықаралық нарыққа шығады.
Республикада кейде халықаралық есірткі саудасына қарсы бағдарламалар аясында тәркіленген заттарды өртеп жіберу акциялары ұйымдастырылады. Бұл шараларға БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ өкілдері және Түркменстандағы аккредиттелген дипломаттар шақырылады.
Түркменстан ІІМ қызметкері Еуропалық БАҚқа мәлімдегендей, жылына 3–4 осындай акция өткізіліп, әрқайсысында шамамен 750 кг есірткі жойылады. Дегенмен, жергілікті сарапшылардың айтуынша, Ауғанстаннан Түркменстанға кіретін «дури» мөлшері тоннамен есептеледі: оның бір бөлігі елде қалады, қалғаны Қазақстан мен Ресей арқылы таралады.
Айта кетейік, посткеңестік елдер арасында Түркменстанның Ауғанстанмен шекарасы ең ұзын болып табылады – 744 км, әрі бұл шекара таулы Тәжікстанмен салыстырғанда негізінен жазық жерлерден өтеді.
Ашхабад ресми деректерінде халық арасында есірткі таратудың бәсеңдегені айтылса да, Еуропалық құқық қорғаушылардың деректері бойынша, әр отбасының бір мүшесі (көпбалалы дәстүрлі отбасы) есірткі тұтынушы болуы мүмкін деп есептеледі.
Munarmedia.kz