Президент қызметіне кіріскен Дональд Трамптың инаугурациялық сөзінде бірнеше маңызды мәлімдемелер айтылды. Республикалық партия өкілі Вашингтонда назар аударған негізгі мәселелердің кейбірі:
▪️ Ресейге қарсы санкциялар Украина мен Ресей арасындағы соғыс жалғасқанша сақталуы мүмкін.
▪️ Владимир Путинмен кездесу жақын арада өтуі мүмкін (бірақ Трамп бұл туралы бұрыннан айтып келеді).
▪️ Президент Зеленский Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге дайын екенін білдірген.
▪️ АҚШ қауіпсіздігі – сыртқы саясаттың басты басымдығы.
▪️ НАТО елдері қорғанысқа ЖІӨ-нің 5%-ын жұмсауы керек.
▪️ Мексика мен Канададан әкелінетін тауарларға АҚШ 1 ақпанда 25% баж салығын енгізуді жоспарлап отыр.
▪️ БРИКС елдеріне қатысты сауда баждары кем дегенде 100% деңгейінде енгізілуі мүмкін.
▪️ ЕО елдері АҚШ-тан көбірек мұнай мен газ сатып алуға міндеттелуі керек, әйтпесе жаңа баж салығы енгізіледі.
Қорытындылай келе, Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) шығатынын мәлімдеді. CNN мәліметінше, бұл шешімнің себептерінің бірі – COVID-19 пандемиясы кезінде ұйымның "күмәнді әрекеттері" және АҚШ-қа жеткілікті көңіл бөлмеуі.
* Фото Дональд Трамптың Facebook парақшасынан алынған.