Алаяқтық схема туралы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер жалған кепілдер рәсімдеп, 1,9 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.
«Қылмыстық топ мемлекет субсидиялайтын ірі қара мал сатып алу бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін алаяқтық схеманы пайдаланған. Осы мақсатта Кентау қаласында „Яссы-кредит НС“ атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрған. Олар жалған құжаттар мен бағалау актілерін дайындаған, ал бағалау „Expert Consulting Group“ атты ойдан шығарылған компанияның атынан жүргізілген», — деп түсіндірді ҚМА.
Агенттік мәліметінше, қылмыстық топтың жетекшісі мемлекеттік несиелерге өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болған. Ол алаяқтық схеманы құрып, топ мүшелерінің әрекетін үйлестіріп отырған.
«Жетекшінің міндеттері»:
Потенциалды қатысушыларды табу,
Топ мүшелерінің рөлдерін бөлу,
«Бизнес-процестерді» басқару.
Ол топ мүшелеріне құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды қалай табуды айтып, төлемдерді жүзеге асырып, бұрмаланған мәліметтермен тексеру актілерін жасаған және ақшаны таратумен айналысқан.
Қазіргі таңда іс бойынша 27 адам күдікті ретінде танылып отыр. Олардың жалпы құны миллиард теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынған. Әзірге бұл іс туралы бар ақпарат осы.
* Фото: Pixabay.