Украина 2027 жылға дейін ЕО-ға кіре алмайды — Фридрих Мерц

20

Munarmedia.kz 29.01.2026 /Астана/ Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаның 2027 жылға дейін Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуі мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Exclusive.kz басылымы хабарлады.

DW агенттігі келтірген мәліметке сәйкес, канцлер Украина үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО-ға кіру нұсқасы толықтай жоққа шығарылады.

«2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүшелікке қабылдау мүмкін емес. Бұл — жүзеге аспайтын сценарий», — деді Фридрих Мерц.

Оның айтуынша, кез келген мемлекет Еуроодаққа қосылмас бұрын Копенгаген критерийлерін толық орындауы тиіс. Ал бұл талаптарды жүзеге асыру, әдетте, бірнеше жылға созылады. Соған қарамастан, Германия канцлері Украинаға ЕО-ға мүшелікке нақты әрі шынайы перспектива беру маңызды екенін атап өтті.

Копенгаген критерийлеріне:

  • тұрақты мемлекеттік институттардың болуы,

  • демократиялық басқару жүйесі,

  • заң үстемдігі,

  • адам құқықтары мен аз ұлттардың құқықтарын қорғау,

  • жұмыс істейтін нарықтық экономика,

  • Еуропалық Одақтың заңнамасын қабылдауға дайындық
    сияқты негізгі талаптар кіреді.

Фридрих Мерц Германияның АҚШ және Украина тарапымен тығыз байланыста екенін де атап өтті.

«Біз құжаттарды бірлесіп дайындадық. Қазіргі таңда ең бастысы — Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздердің жүргізіліп жатыр. Біз бұл келіссөздер мүмкіндігінше тез арада нақты нәтижеге әкеледі деп үміттенеміз», — деді Германия канцлері.

Ал Германияның вице-канцлері Ларс Клингбайль Еуропа елдері мен Ресей арасында тікелей келіссөздер жүргізудің әзірге уақыты келмегенін айтты.

«Еуропа көшбасшылары Владимир Путинмен қайтадан тікелей сөйлесетін сәт туа ма, ол мәселе кейінірек шешіледі. Қазір ондай кезең емес», — деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, Германия басшылығының бұл мәлімдемесі Украинаға қатысты Еуроодақтың ұстанымын нақтылап, мүшелікке өту процесінің ұзақ әрі күрделі болатынын тағы бір мәрте айқындап отыр.