Украина президенті cәрсенбі күні кешке АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздерде «оң қозғалыс» бар екенін және екі тарап та алдағы кездесуге дайындала бастағанын мәлімдеді.
Зеленский сондай-ақ сәрсенбіде бейсенбі күні Брюссельде өтетін ЕО саммиті қарсаңында «көп халықаралық жұмыс» атқарылғанын атап өтті. Ол Нидерланд, Португалия, Словения және Германия басшыларымен сөйлесіп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Украина мен АҚШ жаңа кездесуге дайындалып жатыр — Зеленский
