Бұған дейін Дональд Трамп оның әкімшілігі Ресеймен Украинадағы соғыс туралы «өте байыпты» келіссөздер жүргізгенін айтқан.
«Олардың [АҚШ пен Ресейдің] өз қарым-қатынастары болуы мүмкін, бірақ бізсіз Украина туралы әңгілесу барлығы үшін қауіпті», деді Владимир Зеленский Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.
Украина президентінің пікірінше, келіссөздерге Еуроодақ өкілдері де қатысуы керек. Зеленскийдің айтуынша, оның командасы Трамп әкімшілігімен «жалпылама деңгейде» байланыста. Мәліметтерді пысықтау үшін жақын арада жеке кездесулер өтеді деп күтіліп отыр.
Украинасыз жүргізілетін Трамп-Путин келіссөздері бәріне қауіпті – Зеленский
