Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті.

32

АСТАНА. 12.05.2026. Munarmedia.kz –  Жаңартылған тізімге 85 жеке және заңды тұлға енгізілді. Бұл туралы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Жаңа шектеулердің басым бөлігі Кремльдің ақпараттық саясатын қолдайды деп айыпталған тұлғаларға бағытталған. Атап айтқанда, санкция тізіміне Әлеуметтік жобалау агенттігінде жұмыс істейтін және «адастырушы кремльдік насихат материалдарын әзірлеуге қатысы бар» делінген 49 адам енгізілген.

Сонымен қатар санкция әскери-патриоттық бағыттағы «Воин» әскери-спорттық дайындық және жастарды патриоттық тәрбиелеу орталығы орталығына да салынды.

Тізімге өзін-өзі жариялаған Луганск халық республикасының жастар саясаты министрі Юлия Величко да енген.

Бұдан бөлек, Новосібір облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Надежда Болтенко, Херсон облысының балалар омбудсмені Ирина Кравченко және өзін-өзі жариялаған ЛХР білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шевченко санкциялық тізімнен орын алды.

Ұлыбритания билігі бұл жолы екі еуропалық медиаресурсқа да шектеу енгізді. Олар – орыс тілінде хабар тарататын «Говорит Европа» порталы мен Лондонда тіркелген Euroview Media басылымы.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Ұлыбритания Ресейге қатысты санкциялық режимді кеңейтіп, тізімге 297 позиция енгізген болатын.