Үндістан 7 мамырда Пәкістан мен Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы бөлігіне ракетамен соққы жасады. Дели Пәкістанның "террористік инфрақұрылымдарына" шабуыл жасалды дейді.
Үндістан бұл операциясын 22 сәуірдегі шабуылға жауап деп атады. 22 сәуірде Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігіндегі Байсаран алқабында үндістандық туристерге шабуыл жасалып, 26 адам қаза тапқан. Үндістан шабуылды "террорлық әрекет" деп атап, Пәкістанды айыптаған. Бірақ Исламабад шабуылға қатысымыз жоқ деген. Ал туристерге шабуыл жасаған үш адам Пәкістан азаматы екені айтылған.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Үндістанның 7 мамырдағы "жиіркенішті агрессия әрекеті" деп атады. Артынша бұл елдің де әскерилері Кашмирдің Үндістан бақылауындағы аймағына соққы жасады. Пәкістан Үндістанның бес әуе ұшағын құлатқанын айтты. Бірақ Дели бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ.
Пәкістан әскериі шабуылдан кемі 26 адам қаза тауып, 46 адам жараланғанын айтады. Ал Дели тарабы Кашмирдің Үндістан бақылауындағы аймағында кемі 7 адам қаза болды дейді.
Үндістан мен Пәкістан Кашмир аймағын өзінің жері деп санайды. Қазір Кашмирдің жартысын Пәкістан, жартысын Үндістан бақылайды. Аймақтың біраз бөлігі Қытайда.
Үндістан мен Пәкістан қақтығысы. Не белгілі?
