Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау үшін конклав басталды

35


Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі — конклав ресми түрде басталды. Дәстүр бойынша, бұл маңызды оқиға Әулие Петр соборында салтанатты месса өткізумен ашылады. Одан кейін дауыс беру үшін барлық кардиналдар Сикстин капелласына жиналады.

Дауыс беру құқығы тек 80 жастан кіші кардиналдарға ғана берілгенімен, консультацияларға барлық кардиналдар қатыса алады.

Понтифик лауазымына басты үміткер ретінде италиялық кардинал Пьетро Паролин аталып отыр. Ол бұрынғы Рим папасы Францисктің тұсында Ватиканның Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған.

Сонымен қатар кандидаттар қатарында Ганалық кардинал Питер Терксон, Гвинеялық Роберт Сара, Болонья архиепископы Маттео Дзуппи және Иерусалимнің латын патриархы Пьербаттиста Пиццабалла бар.

Католик шіркеуінің басшысы Франциск 2013 жылы Рим папасы болып сайланған еді. Ол 21 сәуір күні 88 жасында өмірден озды.