Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Үндістанда нөсер жаңбырдан 358 адам қаза болды

64

Үндістанның Керала штатында болған жаңбыр су салдарынан орын алған тасқында қаза болғандар саны 358 адамға жетті. деп хабарлайды, India Today.

Жергілікті биліктің айтуынша құтқару, іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалған 200 адамның тізім белгілі болып отыр.

Үнді армиясы өңірге адамдарды іздеуге арналған радарлар жолдады. Үкімет бұдан бұрын Керала штаты ел тарихында болмаған жойқын табиғи апат орын алды деп мәлімдеген болатын.

Қазіргі таңда 1500 әскерилер құтқару жұмысына қатысып, 8300 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қаланың инфрақұрылым зардап шегіп, Чооралмала ауылында 200 үйді лай басып кеткен.