Үндістандағы
дәрігерлер Батыс Бенгалиядағы Калькутта қаласында әріптесін зорлап, өлтіруге қарсы наразылықтарды күшейтіп, жалпыұлттық
ереуілге шықты.
Елдегі ең ірі дәрігерлер органы -Үндістанның медицина
қауымдастығы (IMA) сенбі күні бүкіл ел
бойынша барлық аурухана қызметтері жабылатынын айтты. Тек жедел жәрдем қызметі
ғана ішінара жұмсыс істеді.
IMA өткен аптада
болған кісі өлтіруді «әйелдер үшін қауіпсіздік кеңістігін қамтамасыз етпеуіне байланысты
жасалған айуандық қылмыс» деп сипаттап, халықты
«әділдік үшін күресті» қолдауға шақырды.
Осы аптаның басында кейбір мемлекеттік ауруханалардың дәрігерлері таңдаулы процедураларды белгісіз мерзімге тоқтататындарын хабарлады