Сағаттан жаңылысқандар: еріккен жандар бұрынғы уақытқа қайту туралы петиция жасап, оған 32,5 мыңнан астам адам қол қойған
1 наурыздан бастап Астана, Алматы және Шымкентті қосқанда 15 облысты құрайтын еліміздің басым бөлігі батыс облыстармен теңестіріліп, UTC +5 уақыт белдеуінде тұра бастады.
Енді оған қарсы петиция шықты. Авторы жазғандай, Қазақстан уақыттың бір сағатқа артқа ауысуына байланысты бірнеше проблемаларды толығымен сезініп үлгерген.
Адамның биоритмі мен жұмысы, оқу және демалыс кестелері арасындағы сәйкессіздікке байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығы туралы да айтылған. ⠀
Журналистердің осыған қатысты сауалына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев петиция қажетті қол жинаған кезде қаралатынын айтты. Яғни қол саны 50 мыңнан асу керек.
14 мамырда Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қызметінен босатылды. Кей деректерге қарағанда, оған уақытты өзгерту мәселесін терең зерттемегені себеп болған.

«Электр энергиясын тұтынудың орташа есепшоты 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 17 000 теңгені құрады. Уақыттың өзгеруі бұл шығындарды айтарлықтай арттырады. Әсіресе күз-қыс кезеңінде. Қараңғылық ұзақтығының ұлғаюы тұрғындарды жарықты ертерек қосуға мәжбүрлейді, бұл, әрине, электр энергиясын тұтынудың артуына және тиісінше қосымша шығындарға әкеледі», - деп сендіреді, петиция авторы. ⠀
Адамның биоритмі мен жұмысы, оқу және демалыс кестелері арасындағы сәйкессіздікке байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығы туралы да айтылған. ⠀
Журналистердің осыған қатысты сауалына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев петиция қажетті қол жинаған кезде қаралатынын айтты. Яғни қол саны 50 мыңнан асу керек.
14 мамырда Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қызметінен босатылды. Кей деректерге қарағанда, оған уақытты өзгерту мәселесін терең зерттемегені себеп болған.
DALA INSIDE Қазақстанға ғана тән осы феноменді - қала аты мен уақытты ауыстырып, қайтадан қайтару сияқты құбылыстарды зерттеуге кірісті
https://t.me/dalainside