ҰҚШҰ Арменияны дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін: Пашинян ұйыммен ортақ мүдде қалмағанын мәлімдеді

87

Munarmedia.kz.08.11.2026.ASTANA-Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Арменияны ұйым аясында дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін. Бұған Ереванның екі жылдан астам уақыт бойы ұйымға міндетті жарналарды төлемеуі себеп болып отыр.

Осыған байланысты Ресей Арменияға қатысты ҰҚШҰ жарғысының 25-бабын қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынған.

Аталған бапқа сәйкес, ұйымға қарызы бар мемлекеттің азаматтары ҰҚШҰ аясындағы квоталық лауазымдарға ұсынылу құқығынан уақытша айырылады. Сонымен қатар қарыз толық өтелгенге дейін сол мемлекеттің ұйым органдарындағы дауыс беру құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл мәселеге қатысты елдің ҰҚШҰ-мен байланысындағы ұстанымын тағы да ашық білдірді.

«Біржола мәлімдегім келеді: біздің ҰҚШҰ-ға қатысты мүдделеріміздің мәні қалмады. Енді бұл ұйыммен байланысты ешқандай ортақ мүддеміз жоқ», – деді ол.

Осылайша, Армения билігі мен ҰҚШҰ арасындағы келіспеушілік жаңа кезеңге өтуі мүмкін.

#Армения #ҰҚШҰ #НиколПашинян #Ресей #Саясат #Munarmedia