Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Ұшақтағы тағамнан да нашар» — Трамптың $1,7 млн тұратын кешкі асы инвесторлардың сынына ұшырады

88




АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жаңа криптовалютасына инвестиция салған 220 адамға арналған кешкі ас Вирджиния штатындағы оның гольф-клубында өтті. Іс-шара «әлемдегі ең эксклюзивті шақыру» ретінде ұсынылғанымен, қатысушылар үшін көңілсіз әсер қалдырды.

🔻 Инвесторлар тамақтың сапасына, дәміне және мөлшеріне қатысты шағымданды. Көпшілігі көкөністердің тым аз болғанын, ал тағамдардың дәмі мен сыртқы түрінің ұшақтағы қарапайым астан да төмен болғанын айтты.

🔻 «Spirit Airlines бюджеттік әуе компаниясының бортындағы тағам бұдан да жақсы еді», — деді қонақтардың бірі.

🔻 Бұдан бөлек, Трамптың өзі қысқа ғана сөз сөйлеп, ешқандай сұрақтарға жауап бермей сахнадан кеткен. Бұл да кешке келген адамдардың көңілін қалдырды.

Іс-шараның әр қатысушысы бұл кешкі асқа шамамен 1,7 миллион доллар көлемінде қаржы салғаны атап өтілуде.