Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БҰҰ санкцияларын қалпына келтіру тетігі — «snapback» механизмін іске қосу әрекеті жасалса, Тегеран «қатаң» жауап қайтаратынын мәлімдеді.
🔹 «Иран ешқашан келіссөздер үстелінен кеткен емес және дипломатияны қалайды, бірақ санкцияларды қайтару механизмін іске қосуға қатаң жауап береді», — деді Аракчи.
❔ Snapback механизмі деген не?
«Snapback» — бұл 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімді (СВПД) бекіткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына енгізілген арнайы тетік. Ол келісімге қол қойған кез келген елге Иран келісім талаптарын бұзды деп есептеген жағдайда, БҰҰ-ның бұрынғы халықаралық санкцияларын автоматты түрде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Яғни, бұл механизмнің көмегімен Иранға қарсы бұрынғы санкциялар қайта күшіне енуі мүмкін — ал бұл Тегеранның жағынан қатты қарсылық тудыруда.