Вашингтон Қазақстан мұнайына қатысты ұстаным білдіріп, КҚК нысандарына жасалған соққыларды тоқтатуды талап етті.

30

Munarmedia.kz 25.02.2026 /Астана/ -АҚШ тарапы Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы нысандарына жасалған дрон шабуылдарынан кейін Киевке ресми демарш жолдаған. Әңгіме Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы туралы болып отыр.

Бұл туралы CNN арнасына берген сұхбатында Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті соққылар Қазақстаннан жеткізілетін мұнаймен байланысты америкалық инвестицияларға әсер еткенін атап өткен.

Елшінің айтуынша, Киевке АҚШ мүдделеріне тиетін шабуылдардан бас тарту қажеттігі жеткізілген.

Image

Айта кетейік, КҚК – Қазақстан мұнайын Қара теңіздегі Новороссийск порты арқылы әлемдік нарыққа шығаратын негізгі экспорттық бағыттардың бірі. Сарапшылардың пікірінше, аталған инфрақұрылымға төнген кез келген қауіп аймақтық энергетикалық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін.