Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Владимир Зеленский: Ресей соғысты одан әрі ушықтырып, кеңейтуге бет алды

69



Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Ресейді Украинадағы соғыстың шиеленісуіне жауапты деп атады.


Оның айтуынша, Ресей биылғы жылы соғысты күшейтіп, ауқымын кеңейту үшін екінші маңызды қадам жасады.


«Ресей жаңа баллистикалық зымыран қолданып, Днепр қаласына соққы берді. Бұл – Украинадағы ең ірі қалалардың біріне жасалған әдейі әрі қатыгез шабуыл. Бұл әрекет соғыстың қатыгездігін жаңа деңгейге көтеріп, Ресейдің БҰҰ Жарғысын тағы да елемей отырғанын көрсетеді. Алғашқы қадам ретінде Ресей Солтүстік Кореяны соғысқа тартып, Украинаға қарсы 11 000-нан астам солдат жіберді. Енді Путин әлемнің барлық елдерінің – Қытай, Бразилия, Еуропа, АҚШ және басқа да мемлекеттердің соғысты кеңейтпеу туралы үндеуіне құлақ аспай, бұл екінші қадамды жасады», – деп жазды Зеленский.


Оның пікірінше, баллистикалық зымыран қолдану – Ресейдің бейбіт келісімге ұмтылмайтынын тағы бір рет дәлелдеді.


Сондай-ақ Зеленский Украина ұзақ қашықтыққа арналған зымыран қаруын заңды түрде қолдануға құқылы екенін және бұл құралды бұрыннан пайдаланып келе жатқанын атап өтті.