Қытайдың Харбин қаласында Қысқы Азия ойындары ресми түрде ашылды. Азиаданың бағдарламасына биатлон, тау шаңғысы спорты, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек сияқты спорт түрлері енген.
Ашылу салтанаты Харбин халықаралық көрме орталығында өтті.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ойындарды аша отырып, «Қысқы армандар, Азия жүрегіндегі сүйіспеншілік» ұранымен өтіп жатқан бұл Азиаданың қатысушылар, елдер мен аймақтар саны бойынша рекордтық көрсеткішке жеткенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Харбиннің қытайлық ерекшелігі бар және азиялық колоритке толы бірегей спорттық мереке ұйымдастыратынына сенім білдірді.