Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарау жоспарлануда

65



Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін өзгерту мәселесін қосымша зерделеуді тапсырды.


Сарапшылардың айтуынша, ел бюджетіндегі тапшылық ҚҚС-ты көтеру арқылы шешілуі мүмкін. Алайда экономикалық күйзелісті болдырмау үшін салық мөлшерлемесін біртіндеп арттыру ұсынылуда.


Сонымен қатар медициналық және білім беру қызметтері үшін ҚҚС мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жалпы, бұл реформа сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік шығындардың ашықтығын арттыру сияқты кешенді өзгерістердің бір бөлігі болуы тиіс.


📸 Фото: Ашық дереккөздер