Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жаһандану заманындағы әлемдік экономика қалай болады?

146


 

Әлемде соғыс өрті тұтанудың алдында тұр.Дамыған державалар арасындағы соғысты болдырмасақ та геосаяси және экономикалық бәсекелестік болары сөзсіз. Байден Үкіметі инвестициялық барьерлер мен экспортқа бақылауды күшейтті.

Мысалға, Қытайдың жылдам қарқынмен дамуын тоқтату мақсатында кішігірім сауда санкцияларын салу әдісін қолдануда. 

АҚШ-тың Азия мен Еуропадағы одақтастары Қытаймен байланысты толық үзіп алудан қорықса да, бір мемлекетке тәуелді олып қалудан қорқып амалсыз санкцияларды қолдауға мәжбүр болып отыр. Қытай керісінше сирек металдарды экспорттауға тиым салып, өздеріне бағынышты елдерге тауар импорттауды тоқтатып тастады. Сонымен бірге Пекин өз еліндегі батыс компанияларына  қысым көрсетуде.                                                                               

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Еуропа елдері орыстармен экономикалық қатынас жасаудан бас тарта бастады. Батыс Ресейге санкция салып оған көмектесіп жатқан елдерге екінші деңгейдегі санкция салатыны жөнінде ескертті.

Ресей Қытай мен басқа да одақтас елдерді санкцияны айналып өту үшін пайдаланып жатыр. Санкциядан құтылу үшін БРИКС ұйымының мемлекеттері өз валюталарында сауда жасауға әрекеттеніп әлек.

Пандемия уақытындағы тауар айналымының тоқтап қалуы тұрақтылықты сақтауды үйретті. Геосаяси бәсекелестік геоэкономикалық дағдарыстарға әкелуде. Жоғарыда аталғандардың барлығы әлем экономикасының өзгеруіне әкелуде. Жаһандану аяқталды. Нарықтық мүддені қорғау артта қалып, ұлттық мүддені қорғау ісі алға шықты. Бизнес жаңа замаңға сай жылдам бейімделуде.

Эконмикалық бәсекелестік заманыда ұлы державалар өзінің даму моделін өзгертіп жіберді. Қытай геосаяси кедергілерді біле тұрып, екі жақты циркулярды экономикаға көшу моделін құрастырды. COVID-19 пандемиясы жер бюетіндегі адамзаттың тұтынушылық сұранысын біршама деңгейге төмендетіп жіберді. Ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өндірістік сектор мен жылжымалы мүлікке деген сұранысты төмендетіп, банктерді дағдарысқа ұшыртауды. Іші нарықты қолдау мақсатында мемлекет жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар бөле берсе кезінде Жапонияның басынан өткендей, стагфляцияға ұшырауы ғажап емес.  Пекин технологиялық тұрғыдан қарқынды дамып, өз өнімдерін түрлі санкцияларға қарамастан батыс елдеріне сату жұмысын тоқтатқан жоқ. Алайда ішкі әлеуметтік мәселені шешпесе Қытайдың сыртқы нарықты жаулау саясаты жүзеге аспауы мүмкін.Америкалықтар Inflation Reduction Act  ірі өндірісті қайта жандандыру экономикасына оралуда.Олардың да ірі өндіріс ошақтары ішкі сұраныстың азаюына байланысты дағдарысты бастан кешуде. Қарашада ақ үйді кім басқарса да еркін сауда қатынасын дамытыу арқылы, америкалықтарды жұмыспен қамту саясатын жүргіузге мәжбүр болады. Барлық экономикалық мүдделер қауіпсіздік мүдделерін қорғауға жұмылдырылуда. Әлемдік дамыған елдер арасындағы бәсекелестікті ұтымды пайдалантын елдер- өз мемлекеттері арқылы тауарларын тасымалдауға және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтау шараларын ұсыну арқылы да қаржы табудың жолдарын қарастыруы мүмкін. Ал қазіргі даму моделін ұстанып, арзан жұмыс күшін пайдалануды жоспарлағандар үшін жағдай күрделі болады. Адам еңбегін роботтар мен және жасанды интелектпен айырбастаған елдерде жұмыс күші өз тиімділігін жоғалтады. Сондықтан әр мемлекет өзіне сай шешімдер қабылдауы керек. Қазір қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіп, бұдан бұрыңғы екінші дүниежүзілік соғцыс кезіндегі тәртіптен қатал болады.

 

Асылбек Байжұмаұлы