Munarmedia.kz 26.01.2026 /Астана/-Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл сәтте оның жақтастары «банзай» («жасасын») деп ұрандатқанын Orda басылымы NHK World Japan-ға сілтеме жасап хабарлады.
Кеше Жапония парламентінің төменгі палатасындағы 465 депутаттың өкілеттігі тоқтатылды. Алдағы сайлауалды науқан 12 күнге созылып, ресми түрде келесі сейсенбіде басталады.
Бұл – Санаэ Такаитидің үкімет басшысы ретіндегі алғашқы сайлауы. Қазіргі таңда оның биліктегі коалициясы үш тәуелсіз депутаттың қолдауымен парламентте ең төменгі басымдыққа ғана ие. Сайлау барысында төменгі палатадағы 465 мандат толықтай қайта бөлінеді.
Қазір билік коалициясының иелігінде 233 орын бар, бұл парламенттегі ең төменгі қажетті шекпен дәл сәйкес келеді. Өз мандатын растау және билікті сақтап қалу үшін коалицияға парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажет болды.