Жапонияның ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы министрі Таку Это күріштің бағасы екі есе өсіп жатқан кезде жасаған дөрекі мәлімдемесі үшін қызметінен кетті.
2025 жылғы сәуір айында күріш бағасы 1971 жылдан бергі ең үлкен – 93% өсім көрсетті. Осы кезде министр «күрішті ешқашан сатып алған емеспін, себебі маған оны көптеген қолдаушылар сыйлайды» деген сөз айтты. Бұл пікір қарапайым жапон отбасыларына салмақ түсірген баға өсу жағдайында әсіресе орынсыз болып көрінді.
Қоғамдағы үлкен наразылықтан кейін Таку Это кешірім сұрады, бірақ қызметін сақтай алмады. Премьер-министр Сигэру Исиба оның отставка туралы өтінішін қабылдады.
Жапонияда бір ғана дұрыс емес сөз үшін қызметтен кетуге тура келеді, ал бізде кейде ауыр жағдайларға қарамастан ешкім жауапқа тартылмайды.