АСТАНА.16.05.2026.Munarmedia.kz – Жапонияда Tavneos дәрісін қабылдаған 20 адамның көз жұмғаны хабарланды. Осыған байланысты жапондық Kissei Pharmaceutical компаниясы препаратты жаңа пациенттерге тағайындамауға кеңес берді.
Компания мәліметінше, дәріні қолдану бауырдың зақымдану қаупімен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қауіпсіздік мәселесіне байланысты қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Tavneos препараты 2022 жылдан бері қолданыста болған. Осы уақыт ішінде онымен шамамен 8,5 мың адам ем қабылдаған.
Аталған дәріні америкалық ChemoCentryx әзірлеген. Кейін компанияны Amgen сатып алған.
Сонымен қатар FDA препаратты АҚШ нарығынан қайтарып алу жоспары бар екенін мәлімдеді. Реттеуші орган дәрінің тиімділігіне қатысты күмән туындағанын және тіркеу кезінде ұсынылған кейбір деректердің сенімсіз болуы мүмкін екенін атап өтті.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта препараттың қауіпсіздігі мен ықтимал жанама әсерлері бойынша халықаралық деңгейде тексерулер жалғасып жатыр.
#Жапония #Tavneos #Фармацевтика #FDA #Дәрі #Денсаулық #Munarmedia