Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Тіршілік тынысы
37
Жұмыссыздық- дүние жүзіндегі ең үлкен өзекті мәселелердің бірі. Еуропаның біршама мемлекеттері жұмыссыздық салдарынан кедейлік кейпіне ауысып жатыр. Қазақстанның жастары арасындағы жұмыссыздық-Еуропамен салыстарғанда едәуір төмен. Дегенмен, біздегі ең басты мәселе-жұмыссыздық жастар арасында жалақының төмендігінен және тәмамдаған мамандық бойынша кадрлардың қажет болмауынан туындайды. Яғни, дәл қазіргі уақытта мемлекет төйлейтін айлық көрсеткішімен өмір сүру қиын... Қазақстан тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақытта білім саласына өте көп мән беріп келуде. Жастарды қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар жасалынып, отандық білімінің бәсекеге қабілетті болуы үшін әрекеттер жасалынуда. Мемлекетте: дәрігер, мұғалім, заң қызметкері мамандығына оқитын жастар қарасы 70 пайызды құрайды екен. Басқа салалар көлеңкеде қалып қою есебінен өзге мамандарды шет елден алдыруға мәжбүрміз. Оларға қыруар қаржы төйлеп, қажетті өмір сүру жағдайларын да жасап береді. Егер де сол мамандарды өз отанымызда оқытып, даярлайтын болсақ, елімізде тапшы мамандар саны болмас еді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басына президент болып келгеннен кейін, Жаңа Қазақстанды құру мәселесін, жаңа саяси жағдайларды халыққа түсіндіріп, үндеу жасаған болатын. Соның нәтижесінде, енді мемлекетімізде жаратылыстану бағытына аса көңіл бөлінетін болды. Мемлекетімізде: математика саласының мамандары, инженерлермен құрылысшы-сәулетшілер, тіл мамандары мен зертханашылар  мамандығын алушыларға жағдай жасалынатын болады. Барлық жоғары оқу орындары мен зертханалық орталықтар жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталып, білім алушыларға барынша қолдау білдіру шаралары қолға алынды. Бұдан кейін мемлекетімізде жұмыссыз жастар саны азаяды деп ойлаймын. Өйткені, басшыдан қолдау барда, жастарымызғакез келген ортада жол ашық деп ойлаймын..