Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ

E-history.kz
46
Тіл қашан да құдіретті һәм киелі. Әрбір мемелекеттің басында байырғыдан келе жатқан діні мен тілі болады. Тілі жоқ ел болмайды. Біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Бабалар үнімен бізге жеткен қасиетті шоқтығы биік мәртебелі ана тіліміз. Қазақ тілі-әлемде өзіндік ерекшелігімен қасиетті, синоним сөздерге бай, сөздік қоржыны: асыл-маржан сөздерге толы. Біздің мемлекеттік тіліміз-ұлт тілі және құжаттар тілі. Тіліміз барда біз бармыз, дәл қазіргі таңда түбімен жойылып кету қаупі бар тілдер бар. Хинди тілі сол тізімнің басын бастап тұр. Бабалар аманатымен келген тілдің қадірін қорғау, аялау, өскелең ұрпаққа насихаттау парызымыз. Бүгінгі күні тілімізге деген құрмет қандай деңгейде? Ана тіліміздің-статусы ше? Қазақ тілі-халықтық тіл ретінде өз орнын тапты ма? осы сұрақтарға тоқталғым келіп отыр. Иә, ана тіліміз-ол қазақ тілі, тәуелсіздіктің отыз жылдығы да келіп жетті, бабалар аңсаған, аманаттаған бейбіт күннің бейбіт тұрғындары өз ана тілінде еркін сөйліп, еркін тыныстауда. Бұл ғажап. Дегенмен, заман ағымының судай ағып, өзендей ирелеңдеген кезеңінде, техника мен жастар тілі, бұрмалы-шұбармалы шала қазақ тілі пайда болып, кеңінен етек жайып бара жатқаны, бүгінгі күннің ащы шындығы. Әп-әдемі қазақтың қайталанбас сөзін дұрыс жеткізбеу, екі қазақ өзара орысша араласу, қисыны келмейтін сөз арасына қолдану, ең сорақысы билік басында отырып, ана тілінде су сұрай алмайтын қазекемдерге соншалықты қарным ашады. Менің бұл ойыммен бәрі келіседі деп ойлаймын. Өзіңнің емес, өзге ұлттың баласы, тап-таза кіршіксіз қазақ тілінде бұлбұлша сайрап тұрған кезде, қынжылатыным рас, әттең-ай деп қаламын. Ана тіліміздің айбыны-егемендіктің ертеңі. Ана тіліміз-қазақ тілінің ғұмырлы болуы сіздермен біздерге байланысты. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлеп, көк аспанның астында өз тілімізде ешбір қысылмай өмір сүру ол ең үлкен бақыт.