Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Балаңыздың санасын аштықта қалдырмаңыз

Facebook
34
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап оқуды балаға кішкентайынан әдетке айналдыру керек . Балалар – адамзаттың болашағы. 21 ғасырда әрбір мемлекет пен бала өз жастарының дамуына көп көңіл бөлуде. Әр адам өз баласының сау физикалық, психикалық және интеллектуалдық дамуын қадағалауы керек . Дұрыс, бұл дамулар адам дамуының негізгі дамуы болып табылады. Ұлттық сауаттылықтың, тілдің, мәдениеттің, әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің маңызын ашып көрсетуде, әсіресе, балалардың адам болып қалыптасуында әдебиет пен өнердің ықпалы орасан зор. Әдебиет арқылы адам болудың мәнін ашады. Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер бала құрсағында жатқан кезден бастап ертегі оқу, музыка тыңдау олардың өсіп-жетілуіне жақсы әсер ететінін айтқан . Біздер қазақтар да ежелден балаларын бесік жырымен, жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен, тәлім-тәрбиемен, ертегі айтып, тәлім-тәрбие берген дәстүрі бар халық. Халықаралық ғалымдар мен психологтар балалардың интеллектісін мектепке дейінгі жастан бастап дамытуды ұсынады . Жастайынан кітап оқымаған, ертегі айтып көрмеген, кітап оқып өспеген бала болашақта ата-ана атанғанда балаларына қалай үлгі болатынын ұмытпауы керек . Өмірдегі жақсы әдеттер сізге және сіздің балаларыңызға ғана емес, олардың балаларына да пайдалы. Бірақ біз балаларымыздың өмірінде «кітап оқу әдетін» дамытып, сол арқылы өсуіне көмектесуіміз керек. Әрбір баланы мүлдем басқа әлем деп санауға болады. Өйткені әр баланың қызығушылығы мен қабілеті әртүрлі. Сондықтан балаларымыздың жасына, психикалық ерекшеліктеріне сай кітаптар сатып алсақ, жақсы. Нәтижесінде балаңыз күн сайын оқуға белгілі бір уақыт бөле алады, бұл әрі қарай біз қалаған «Жақсы өмір сүру әдеттеріне» айналады.Балаларға кітап оқу неліктен маңызды? Kітап оқудың маңызы қандай? Oл баланың интеллектуалдық қабілетін арттырады. Сондықтан, ата-аналар отбасы жағдайында балаларды кітапқа деген сүйіспеншілікке баулу, кітап оқуды олардың өмірінде тұрақты әдетке айналдырса деймін . Ол баланың ой-өрісін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар оның білімін арттырады, қабілетін арттырады, адамгершілігін таза ұстайды, талантын ашады. Және баланың кітап оқуға бейім болуы тікелей ата- анаға да байланысты . Егер ата-ананың екеуі де көп оқыса, балалардың 50 пайыздан астамы оқырман болады. Ата-ананың бірі көп кітап оқыса, балалардың 25 пайызы оқиды деген зерттеу бар. Баланың жанында кітап болуы өте маңызды. Әсіресе, кітаптарды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтасаңыз, оларды алып, қызығушылық танытады екен . Бала оқығысы келетін қызықты кітапты таңдаңыз. Шрифт өлшемі үлкен, жоларалық интервал үлкен, оқуға жеңіл, қысқа сөздер, қызықты суреттер болса, балалар кітапқа көбірек қызығады .Дегенмен, жас ерекшеліктеріне сәйкес сюжеттер тақтасы бар суретті кітаптар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі. Физикалық дамуы және ақыл-ойы дамыған сайын балаларға сәйкес кітаптарды оқу керек.Кітап оқудың пайдасы көп. Әуелі қатесіз дұрыс жаза білу , өзіне деген сенімділікті арттыру, шығармашылық әрекетке үйрету, есте сақтау қабілетін арттыру, зейінді шоғырландыру сияқты . Балалар кітаппен ерте араласуды үйренсе, болашақта жақсы оқырман болады деп ойлаймын.  Оқуды ұнатпайтын бала болмайды, тек олардың қызығушылығын ояту үрдісін назардан тыс қалдырған ересектер ғана. Демек, эстетикалық тәрбие беретін, танымға жетелейтін негізгі дүние ол - кітап .Ендеше, баламызды киетін киім-кешек, ішетін тамақпен қамтамасыз етіп, материалдық жағынан қамтамасыз еткеніміздей, оның санасын аштыққа ұшыратпауымыз керек. Сонда интеллектуалдық дамуды тек кітаптан алуға болады. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларымен бірге уақыт өткізуге кеңес бергім келеді.