Ғаламтормен тәрбиеленген жас ұрпақ
Адам азуда ма , әлде заман дамуда ма ?
Жаңа ғасыр , дамыған заман дейміз . Ал жаңа ғасырдың емсіз дерті кәрі- жас демей адамдардың ғаламторға деген тәуелділігі . Бұл пайдаланушының желіден дер кезінде , өз еркімен шығып кете алмауы және оған қайта кіруге бүкіл ынтасының ауып тұруы . Яғни адам психикасының бұзылуына алып келеді . Қазіргі таңда балабақаша , мектеп балаларының телефон , комьпютер , планшет сыңды құрылғыларға қарамайтыны санаулы -ақ.Осының салдарынан баланың аяқ асты мінезінің өзгеруі , тәрбиесі жайлы балабақша , мектеп мұғалімдеріде көп шағымданары мәлім . Бұған бірден бір себеп ата- анасының жауапкершілігінен деп білемін. Мыс :Анасы үй тірлігін жасау үшін немесе автобуста және қоғамдық орындарда ата- анасының мазасын алмас үшін баланы жылатпай көңілін аулау мақсатында қолына телефондарын ұстатып қояды . Осылай бала біртіндеп оған тәуелді бола бастайды . Бұл бүлдіршіндердің ғаламтор арқылы өсіп , тіпті өз жасына сай емес ақпаратты қабылдап , тәрбиесімен бірге денсаулығына да кері әсерін береді . Дәрігерлердің айтуынша ғаламторға тым көп қараған 1-3 жас аралығындағы балалардың тілі жәй шығып баланың дамуына кері әсерін берсе , мектеп жастағы балалар ашушаң , тез ренжігіш , стресске төмен төзімділік және әлеуметтік желідегі кез- келген жақсы және жаман сезімдерді өздеріне қабылдайды екен . Яғни баланың тым сезімтал болуына әкеледі . Осылай біртіндеп балалардың мінез -құлқы өзгереді . Баланың әке - шешесіне бағынбауы , отбасы мүшелерінің бір - бірінен алшақтауы тікелей осыған байланысты . Шынына келсек елімізде білім деңгейінің төмендегені жайлы айтылады. Әрине егер оқушылар мен студенттер оқуға қатысты репораттарыды ғаламтордан көшіріп оңай жолға бейімделсе тіптен ол жайлы оқу дегенді ұмытады . Яғни әр нәрсенің шешімі тек ғаламторда деп қарайды. Осылай бала өз мәселелері туралы ата- анасына айтудан көрі ғаламторға жүгінеді .Тіптен ғаламтордағы алаяқтарға да алданып кейбір кездері өз эмоцияларын басқара алмай суициткеде баратындар бар . Бұған себеп ата - ана тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі . Бұл мәселелердің алдын алу үшін әрбір ата- ата балаларының жүріс тұрысына мән берсе вируталды кеңістікте өткізген уақыттын қадағалап тек белгілі мөлшермен қолдануды үйретсе , жақындарымен бірге саяқаттап көбірек көңіл бөліп , достарымен онлайын емес көзбе -көз тілдессе , ұйықтар алдында гаджеттерді қолданудан және әлеуметтік желілерге кіруден шектесе ең бастысы жиі қолданатын желілерін тұрақты қадағалап отырса бұл мәселенің алдын алуға болады . Қосымша мектеп және ЖОО-да баланың тәрбиесі жайлы жеке сабақтарға уақыт бөлінсе деймін . Баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі – ата-ананың мерейі. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық қой. Даналығы мен даралығы, тәрбиесі мен өнегесі сөзінде көмкерілген ,сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз үшін бір сәт ғаламтордан шығып тәрбиелі ұрпақ үшін атсалысайық .