Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Зеленский: "Путин өледі сонымен бәрі бітеді"

77

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы сұхбат беріп, оның жақын арада қайтыс болатынын және сонда бәрі аяқталатынын мәлімдеген.

Зеленскийдің айтуынша, Путиннің екінші қорқатын нәрсесі — билігін жоғалту. Бұл жағдай қоғамның тұрақтылығына байланысты, бірақ оның жасы да маңызды фактор болып табылады.

«Ол жақын арада қайтыс болады, бұл факт, содан кейін бәрі аяқталады», — деп мәлімдеді Зеленский Eurovision News арнасына берген сұхбатында.

Зеленский Путиннің неге «жақын арада» қайтыс болады деп санайтынын түсіндірмеген, ал журналистер бұл сұрақты қойған жоқ.

Сұхбаттың жалпы контекстінен және оның айтылған сөзінің мағынасынан көріп отырсақ, Зеленский бұл пікірді жақын арада орын алатын оқиға ретінде айтпаған сияқты.

Сондай-ақ, Украина Президенті өз жауының өлімі туралы сөз қозғап, Путиннің неден қорқатыны жайлы сұраққа да жауап берген. Ол Ресей қоғамының тұрақсыздануына байланысты Путиннің қорқатынын, содан кейін жоғарыда айтылған сөзді қосқанын айтып өткен.