Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жеңіс Оспанов. Бұйратауда «бастық» кім?

148


Жалғыздың үні шықпас дейді біздің халқымыз. Осы сөздің жаны бар. Назарбаевтың заманынан қалған «топтасқандар»-мен Президент  күресіп әлек. Қайсы біріне жете берсін!.. Топтасып алып, түрлі құйтырқы әрекет жасап, қулықты сауып отырғандарға  өз дегендерін істеп әлек.

    Қолымызға түскен қылмыстық істі оқып отырып, күлкіміз келді, ұйқымыз ашылды. Қарағанды облысының Осакаровка аудандық сотының  шешімін көріп, таң қалғаннан басқа  амалымыз қалмады. Сірә, бұл басекең сүттен ақ, судан таза болғаны ма, әлде  шынымен-ақ қылмыстық іс жабылды ма!?

  2022 жылы 10 қараша күні шыққан сот шешімінде Бұйратау  Ұлттық Паркінің Бас  директоры  Ж.К Хасенов  ҚР-ның 362  бабының 1-ші бөлімімен  бір жыл, алты айға бас бостандығынан айырылып, өмірбойы лауазымды қызмет атқаруға шектеу қойылады. Сонымен қатар,  ҚР-ның 287 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, 2 жыл алты айға бас бостандығынан тағы да айырады.

 2023 жылы  20 ақпан күні  Хасеновтың үстінен қозғалған  қайтадан прокуратураға жіберіліп өзгеріссіз қалады.

 Енді мына сұмдықты қараңыздар 2024 жылы  30 сәуір күні қылмыстық істі қайта қарап, ҚР-ның 362 бабының 1 тармағына орай, Хасенов кінәсіз деп танылып,  қылмыстық іс тоқтатылады.

 Жарайды тоқтатылды. Бірақ,  Хасенов мырзаның үстінен қаншама рет қылмыстық іс қозғалып, дүйім ел құлақтанып еді, бұл кісі қайтадан «Бұйратауға» БасДиректор болып тағайындалып отыр. Ал қыларыңды қылып ал дегендей. 

     Сонда,  қаншама уақыт бойы  үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның лауазымдық қызметіне шектеу қойылса да, қайтадан әкеліп директор қылып сайлауы қызық болды-ау!...

   Бұның артында кім тұр?

   Қалай директор  болып тағайындалды.

  Мәселе осында. Біз бірнеше мәрте «Бұйратау» -дың фейсбук парақшасына сұрақ жолдап жібердік.

  Ар жағынан «иә, тағайындалды» деп жауап келді, болды қысқа да, нұсқа.

   Ал енді заңсыз қару сақтағанды үшін, жауапқа тартылған, жемқорлықпен істі болған Хасенов шынымен-ақ сүттен ақ, судан таза ма!? Бұл жағын білмедік. Әйтеуір   әкеліпті де, Бас директор қып қайта тағайындап, майлы жілікті қолына ұстатқан. Билігіне қайтып келіп отыр.

   Соңғы жылдары  жасыратыны жоқ,  елімізде  біраз жерлерінде  орман өрті, тағы да басқа экологиялық апаттар орын алды. Өздеріңіз білесіздер, бұның барлығы жең ұшымен жалғасқан немқұрайлықтың кесірінен. Президент Семейдің ормандарын өрт алған кезінде барып, тиісті адамдарға  тапсырмалар жүктеді. Жалпы,  еліміздегі халықтың басты байлығы орманы мен тоғайы. Аңы мен құсы.  Оның үстіне бұлардың барлығы мемлекет қарамағында екендігін бәріміз білеміз. Ал мемлекет қарамағындағы  дүниелерге тек  қолы ақ, ісі таза адамдар ғана отыруы тиісті  ғой.

  Ал енді, Құдай бетін аулақ еткей. Қатардағы қарапайым біреудің баласы істі болса, ол бейшараның жейтіні быламық, көретіні азап болады. Ал енді Хасенов мырзаның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтасымен бірден баяғы  былғары креслоға кеп қайта жайғасты.

   Заңсыз қару сақтағаны үшін, талай адам шырылдап заң алдында жауапқа тартылып жатыр. Әлде біздің билік бұқараны екі тарапқа бөліп қойған ба, «мынаның шатыры бар, мынаның шатыры жоқ» деп. Қарағанды облысының Осакаровканың аудандық соты Хасеновты соттайды, ал облыстық сот ақтап шыға келеді.

  Демек, аудандық соттағы Хасеновты соттаған судьядан ағаттық кетті ме? Прокурор негізсіз қылмыстық істі тереңдетіп Хасеновтың бас бостандығын шектеп жіберді ме!? Бір гәп бар. Сөз сауғыш атам қазақ «жел болмаса, шөп басы қозғалмайды» дейтін.

   Жалпы,  үстінен қылмыстық іс қозғалған адам, бірден басқа жерге емес «Бұйратауға» БасДиректор болып келуі қызық. Домбырам не дейді, мен не дейміннің кері сияқты. Креслосын суытпай қайта келіп отыр.

   Бұл жөнінде біз қазіргі күні жан-жақтан сұрау салып, бұл қалай болды деп хат жолдап жатырмыз. Тіпті Президенттін өзіне хат жазамыз ба деп отырған жайымыз бар. Себебі, . ХХІ ғасырда біздің ел дамушы мемлекет ретінде дамыған елдің қатарына кіреміз дегенде  жемқорлық фактісімен ұсталған адамды, бір соттап, одан кейін ақтауы ақылға сыймайтын харекет екен. Не болмаса, ақ-қарасын елге айтсын. Қалай болды, не болды, не үшін қылмыстық іс қозғалды.  Сонда ел естиді. Түсінеді.

    Әділетті Қазақстан, Еститін Үкіметтін саясаты әділ болуы керек. Президент жалғыз өзі шырылдап, елді көтерем деп жатса, мына жақтағылар өздерінің адамдарын бір рет соттап, одан кейін ақтап жайлы орынға қайта орналастырып әлек!..

        «Бұйратау» Мемлекеттік Ұлттық Паркі Ақмола облысы, Ерейментау ауданында орналасқан. Қаншама адам қазіргі күні осы жерде қызмет атқарып жүр.  Өздері де аң-таң. Айтпақшы Бас директордың өзі  сұхбат беріп, ақ-қарасын айтқаны абзал болар. Әйтпесе құлақтанып қалған ел таң қалып отыр.  Бұл сұрақ, бәріміздің көкейімізде тұрғандығын, оның жауабын таба алмай отырғандығымызды айтқымыз келеді.