Германияның Дүниежүзілік халық қорының (Deutsche Stiftung Weltbevölkerung, DSW) деректеріне сәйкес, 2024 жылы Жер шарының халқы шамамен 82 миллион адамға артты. 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай әлем халқының саны 8,156 миллиард адамды құрайды.
Африкада халық санының өсуі ерекше байқалуда: алдағы 20 жылда бұл аймақтағы тұрғындар саны екі есеге жуық көбеюі мүмкін. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2037 жылға қарай әлем халқы 9 миллиардтан асады.
Ал Германияда халық саны тұрақты деңгейде қалып отыр – шамамен 84 миллион адам.
Қазақстанға келетін болсақ, 2024 жылдың 10 айында халық саны 210 139 адамға өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша елде 20 243 981 адам тұрған.
📸 Фото: pixabay