Монғолия мұражайында сирек кездесетін картиналар қойылған. Олардың ішінде ерекше назар аудартатыны (Желаяқ Гэндэн») атты картиналар сериясы.
Бұл туындыларды 1984 жылы Моңғолия Суретшілер Одағы сыйлығының иегері, суретші Ё.Жигмэддулам салған.
Халық арасында жылқылармен жарыса алатын адамдар туралы аңыздар бар. Тіпті қазақ ертегілерінде де желмен жарысатын желаяқтар туралы ертегілер.
Ел ішіне тараған аңыз аңыз бойынша Гэндэн деген адам Гоби өлкесінде өмір сүрген.
Ол кедей, арық, қабырғалары шығып тұрған, мінезі жұмсақ, ақкөңіл адам болыпты.
Монғол ғибадатханасына жету үшін 40-50 шақырымды жүгіріп өтіп жолай қоян аулап етін дәрігер-монахқа апарып берген.
Куәгерлердің айтуынша, ол киіктер мен қояндарды қуып жетіп, олардың етін балаларына азық еткен екен.
Қазір оның қызы Мөнхбаяр Дорнод аймағының орталығында тұрады. Гэндэн 1869 жылы Дундговь аймағының Баянжаргалан сомонында аңшының отбасында дүниеге келіп 75 жасқа дейін өмір сүрген.
Бала кезінде будда ғибадатханасында шәкірт болған, бірақ оқуын тастап кеткен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Гэндэн 12-40 жас аралығында өте жылдам жүгірген.
Халық арасында оның атты кісіден де жылдам жүгіргені туралы әңгімелер тараған.
Бірде ол «Холбоогийн ширээ» деген жерден «Билуутийн жас» деген жерге дейінгі шамамен 50 шақырым қашықтыққа бірнеше шабандозды басып озып бірінші болып жеткен.
Бұдан бөлек, таңертең ерте Шығыс Чойрдан шығып, Билуут жеріне дейін 50 шақырым жерді ешкі сауым уақытта жүгіріп өтіп, қайтып келіп, ұстазына таңғы шай қайнатып бергені туралы әңгіме бар.
Кейбіреулер оның сол жақ тізе астында қатты шар тәрізді бір нәрсе болғанын, оның ұзақ қашықтыққа жүгіруінің басты сыры сол деп есептейді.
Бірақ бұл туралы ғылыми дәлелдер жоқ.