Munarmedia.kz.16.11.2026.ASTANA  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енгізілді. Рейтингті Иорданияда орналасқан Ислам стратегиялық зерттеулер корольдік орталығы (The Royal Islamic Strategic Studies Centre) жыл сайын жариялайды.

Тоқаев тізімнің «Саясат» (Political) санатында көрсетілген.

Басылымда 2022 жылғы Қазақстандағы саяси өзгерістерге де арнайы назар аударылған. Қаңтар оқиғаларынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құру бастамасын көтеріп, елде ауқымды саяси реформалар жүргізуді ұсынғаны атап өтілген.

The Muslim 500 – әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылман қауымдастығына елеулі ықпал ететін тұлғаларды қамтитын жыл сайынғы халықаралық басылым. Оған саясаткерлермен қатар дін қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер және қоғам өкілдері де енгізіледі.

#Қазақстан #ҚасымЖомартТоқаев #TheMuslim500 #ӘлемдікРейтинг #Саясат #Munarmedia