Munarmedia.kz.16.11.2026.ASTANA Қазақстанда тұтынушылық несиеге сұраныс төмендеп, кәсіпкерлік секторды қаржыландыру көлемі артқан. Биылғы тоғыз айда жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредиттер 4,3 пайызға азайса, бизнеске берілген несиелер 19,5 пайызға өскен.
Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаржы нарығында тұтынушылық несиелеудің басым өсуінен бизнеске берілетін кредиттердің жылдам өсуіне қарай бетбұрыс байқалған.
«Тұтынушылық несиелеудің озық қарқынмен өсуінен бизнеске берілетін кредиттердің басым өсуіне көшу орын алды», – деді агенттік басшысы.
Сонымен қатар 2027 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға қаржылық қызметтерді пайдалануды жеңілдететін жаңа цифрлық платформа іске қосылады.
Платформа арқылы банк қызметтеріне қатысты өтініштер мен дауларды шешуге, берешек мәселелерін реттеуге және жасанды интеллект негізіндегі көмекші арқылы қажетті қаржы өнімдерін таңдауға болады.
Бұл бастама азаматтардың банкпен қарым-қатынасын жеңілдетіп, қаржылық қызметтерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік беруді көздейді.
#Қазақстан #Несие #Банк #ҚаржыНарығы #Бизнес #ЖасандыИнтеллект #Munarmedia


