Munarmedia.kz.16.11.2026.ASTANA Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысын тәулік бойы бақылауға арналған жасанды интеллект жүйесі енгізіліп жатыр.
Пилоттық жоба Астана – Теміртау және Алматы – Қонаев бағыттарында іске қосылған.
Жаңа жүйе жолдағы көлік ағынын үздіксіз бақылап, жол-көлік оқиғаларын және өзге де төтенше жағдайларды автоматты түрде анықтайды. Бұл жол қызметтеріне оқиға орнына жедел әрекет етіп, қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Жүйе жұмысын бастағалы бері шамамен 8 мың түрлі оқиға тіркелген.
Жасанды интеллектіні жол қозғалысын бақылауға енгізу жол қауіпсіздігін арттыруға, апаттарға ден қою уақытын қысқартуға және республикалық трассалардағы жағдайды тиімді басқаруға бағытталған.
#Қазақстан #ЖасандыИнтеллект #ЖолҚауіпсіздігі #Астана #Теміртау #Алматы #Қонаев #Munarmedia


