Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бірінші курс студенті көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға жатақханада түнде болған төбелестің қатысы болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.
Бір ай ішінде ҚазҰУ-де тіркелген бұл – екінші қайғылы жағдай.
Бұған дейін осы университеттің бірінші курс студенті Жанель Қарамысова қайтыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша, оның өлімі өз-өзіне қол жұмсау дерегі ретінде қарастырылған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқаға сенбейтінін айтып, оқиғаның мән-жайына күмән келтірген.
Университеттегі екі қайғылы жағдай студенттердің қауіпсіздігі, жатақханалардағы бақылау және жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қайта көтеріп отыр.
#ҚазҰУ #Алматы #СтудентӨлімі #Жатақхана #Қауіпсіздік #Қазақстан #Munarmedia





